Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте әсерлі": Ақтөбеде әкесімен бірге аналарға ән арнаған 120 оқушыға ел сүйсінді

Опубликовано:

Аналарға ән арнаған ақтөбелік балалар мен әкелер
Хорда ән айтып тұрған әкелер мен балалар. Видеодан кадр: instagram/oqu_agartu_ministrligi

Ақтөбелік 120 оқушы әкесімен бірге 8 наурыз мерекесіне арнап ән айтты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жүзден астам оқушы мен әкелердің аналарға арналған әні Оқу-ағарту министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Желі қолданушыларының бірінің жазуынша, бұл шараны Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің ұжымы мен оқушылары әкесімен бірігіп ұйымдастырған екен.

Ерекше құттықтау желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмаған.

"Керемет, өте әсерлі!", "Қандай керемет! Рахмет!", "Биылғы мен көрген керемет құттықтау! Қандай әдемі мектеп, не деген ұйымшыл ұжым!", "Керемет!", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065101-ote-aserli-aqtobede-akesimen-birge-analargan-an-arnagan-120-oqusyga-el-suisindi-video/

pixel