jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте 21 млн теңге пара алған ҚМА бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

пара беру
Пара. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған Шымкент қаласы бойынша ҚМА департаментінің бұрынғы жедел кезекшісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2022 жылғы ақпан айында жедел кезекшіге оның танысы хабарласқан. Танысының туысы болған, оған Шымкент ҚМА департаменті қаржы пирамидасын құрғаны үшін қылмыстық іс қозғаған.

Туысын қылмыстық жауапкершіліктен құтқармақ болған ол қылмыстық істі жүргізіп жатқан тергеушілермен байланысудың жолын іздеген.

Жедел кезекші тергеуге ешқандай қатысы жоқтығын айтып, ұзақ уақыт бас тартқан. Бірақ ақыры 21 млн теңгені ұсынған кезде көмектесуге келісім берген.

Үкім бойынша бөлімінің қызметкері ақшаны алғанмен, көп ұзамай қаржы пирамидасын құрды деген азамат ұзақ мерзімге сотталды.

Осыдан кейін пара бергендер миллиондаған ақшаны қайтаруды талап етіп, Антикорға жүгінген. Ақшаны қайтару кезінде кезекші ұсталды.

Бастапқыда оған пара алды және алаяқтық жасады деген айып тағылған. Ол арандатушылықтың құрбаны болғанын айтып, кінәсін жартылай мойындады.

Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Шығынды өтеу және жәбірленушілердің басқа талаптарының жоқтығын ескере отырып, сотталушыға 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Шымкентте 21 млн теңге пара алған ҚМА бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.