Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМА Қазақстанда криптовалюталармен заңсыз операциялар жүргізілгенін мәлімдеді

Опубликовано:

Криптовалюта мен теңге
Криптовалюта мен теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз жүргізілген операциялар байқалғанын мәлімдеп, Қазақстан аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына тыйым салынғанын атап өтті. Бұл туралы агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, ҚМА жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операциялар (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) жүргізгенін байқаған.

Криптовалюта көбінесе алаяқтық, қаржы пирамидасы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда қолданылады.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында:

  • қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.);
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу);
  • қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталард қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер) тыйым салынған.

ҚМА өкілдрерінің мәліметінше, "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметіне тыйым салынбаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065109-qma-qazaqstanda-kriptovalyutalarmen-zansyz-operaciyalar-zurgizilgenin-malimdedi/

pixel