Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн жылып, қар еріген: Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолды су басты (видео)

Опубликовано:

Жолды су басқанның сәті
Су басқан автожол. Видеодан үзінді: t.me/qazavtojol

Ақтөбе облысында 8 наурызда кешке жақын қар еріп, салдарынан республикалық маңызы бар автожолды су басқан, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" Telegram-дағы ресми арнасында.

Бүгін 17:00-де республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 194 шақырымында су өтуі анықталды. "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сүйенсек, ауа температурасы жылынып, қар еріген. Салдарынан жолды су басқан.

Алдын ала ақпарат бойынша, автожолдағы жол төсемі бойынша еріген қар суының ені – шамамен 20 метр, биіктігі – 3-5 см.

"ҚазАвтоЖол" ақпараты бойынша, аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ.

"Еріген қар суының жүруін жою бойынша (жайт – ред.) орнына ДЭУ-13 күші жұмылдырылды: 10 жұмысшы, 1 Шахман, 1 жүк артқыш көлік, 1 ДРС, 100 қап құм", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065374-kun-zylyp-qar-erigennin-saldarynan-elimizde-respublikalyq-manyzy-bar-zoldardy-su-basty-video/

pixel