Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинскте оқушы бала полицейлерге кісі өлтірді деген күдіктіні ұстап берген (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстаған оқушы мен анасын марапаттау рәсімі
Щучинк қаласында қылмыс жасаған күдіктіні ұстаған оқушыны марапаттау рәсімі. Видеодан кадр: instagram.com/aqmola_pd

Ақмола облысында полицейлер адам өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ер адамды жалғыз өзі ұстаған 15 жастағы оқушыны марапаттады. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Щучинск қаласының 10-сынып оқушысы Мирас Шаймерденов бірнеше апта бұрын әйел адамды өлтіргені үшін іздеуге жариялаған қауіпті қылмыскерді полицейлерге ұстап берген.

Мирастың айтуынша, жеке аумақта белгісіз ер адам жасырынғанын ол жұмысшыдан білген. Дереу сол жерге барған Мирас мас күйдегі ер адамға аумақтан кетуін талап еткен, бірақ қылмыскер өзін агрессивті ұстаған.

"Қылмыскердің басқа азаматтарға қауіп төндіретінін түсінген Мирас полицияға қоңырау шалып, болған жайтты хабарлады. Жасөспірім қылмыскердің сыртқы белгілерін сипаттай бастағанда және оның суретін жіберген кезде полицейлер ер адам қылмыстық құқық бұзушының сипаттамасына сәйкес екенін біліп, дереу полиция жасағын жіберді.

Бірақ ержүрек бала полицейлерді күтпей күрес әдістерін қолданып, күдіктіні құрықтап, полицейлер келгенше ұстап отырған", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.

7 наурызда Мирас Шаймерденовті салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ата-ана ретінде міндетін адал атқарғаны, адамгершілік тәрбие нормаларын сіңіргені үшін Мирастың анасы Гүлзат Шаймерденова Полиция департаментінің алғыс хатымен марапатталды

Бұған қоса Мирас үшін полиция қызметкерлері брендті футболка мен бейсболка шығарып, нақыштамасы бар қол сағатын тарту етті.

Департамент бастығы полковник Нұрсұлтан Мұқашев Мирасқа табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065728-shhucinskte-oqusy-bala-kisi-oltirdi-degen-kudiktini-zalgyz-ozi-ustap-bergen-video/