Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оразаның мән-маңызы айрықша": Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065884-qasym-zomart-toqaev-ramazan-aiynyn-bastaluymen-quttyqtady/

pixel