Астанада Рамазан айында мешіттерге арнайы автобустар қатынайды
Жарияланған күні:
Астанада қасиетті Рамазан айында қаладағы бес мешітке қатынайтын арнайы бағдарлар іске қосылады. Бұл жөнінде City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта қатынайтын 15 автобус желіге шығады.
Республикалық бас мешіттің бағыттары:
- "Целинный" Ш/А;
- Есу арнасы;
- Республика даңғылы.
"Әзірет Сұлтан" мешітінің бағыттары:
- "Спутник" супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- "Көктал-1,2" ТҮА.
"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінің бағыттары:
- "Көктал-1,2" ТҮА;
- Теміржол вокзалы;
- Медициналық колледж.
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бағыттары:
- "Көктал-1,2" ТҮА;
- "Кирпичный" ТҮА.
"Рахымқызы Райса ана" мешітінің бағыттары:
- "Рахмет" СО.
City Transportation Systems компаниясының Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәлімет бойынша, автобустар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065986-astanada-ramazan-aiynda-arnaiy-avtobustar-sygarylady/