Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныштық сақтауды сұраймыз": Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Жауынгер
Жауынгер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азамттардан тыныштық сақтап, жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомство ақпаратынша, жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.

Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.

"Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан  оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген хабарда.

Бұл ретте министрлік қолданыстағы заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066109-tynystyq-saqtaudy-suraimyz-qorganys-ministrligi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel