Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі: екінші айыпталушыға қандай айып тағылып отыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Астанада әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. Сотта Салтанат Нүкенова көз жұмған күні екінші айыпталушы Байжанов не істегені айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2023 жылғы 9 қарашада сағат 9.00-40 шамасында аса ауыр қылмыс жасаған соң Бишімбаев Whatsapp арқылы алыс туысы Байжановқа, мейрамхана орналасқан "Гастро-орталық" директоры Байжановқа телефон соққан. Бишімбаев еш түсіндірместен оған шұғыл жұмысқа келуді бұйырған.

Сағат 10.20 шамасында Байжанов жұмыс орнына келіп, екінші қабаттағы "Бау" мейрамханасына көтерілген. №1 бөлмеде Бишімбаев пен Нүкенова болған, бірақ Бишімбаев алдымен ешкімнің кірмеуін талап етіп, көрпе әкелуді өтінген. Байжанов көрпе әкелгенде ес-түссіз шалқасынан жатқан Нүкенованың беті және денесіндегі басқа да көптеген жарақатты, жартылай жалаңаш, сырт киіммен жатқанын көрген және қорылын естіген", - деді прокурор.

Прокурордың сөзінше, сонымен қатар Байжанов VIP-бөлменің іші шашылып жатқанын байқаған: бүлінген есіктер, сынған ыдыс-аяқ, адам қаны мен жұлынған шаш. Ол Бишімбаев Нүкенованы тағы да ұрғанын түсінген.

"Дене жарақаты салдарынан Нүкенова дәрменсіз күйде қалды. Соның салдарынан ол өзін-өзі қорғай алмай, ес-түссіз күйде болған. Нүкенованы көтеріп, үйіне апармақ болғанда ол ауыр жарақаттары салдарынан есінен танған, денесі бүгілмей, еш қимылдамаған.

Көлік тұрақта болмағандықтан, олар қалуды ұйғарып, Нүкенованы диванға қайта отырғызған. Байжанов күндізгі сағат 1-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін Нүкенова жатқан №1 VIP бөлмесіне қайта-қайта кіріп, оның қозғалыссыз жатқанын, қайтыс болғанын түсінген. Бишімбаев кісі өлтіру әрекетін құқық қорғау органдарына хабарламаған", - деп толықтырды мемлекеттік айыптаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066304-bisimbaev-isi-ekinsi-aiyptalusyga-qandai-aiyp-tagylyp-otyr/