Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың адвокаты Нүкенованың өліміне қатысты істі прокурорға қайтаруды сұрады

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: primeminister.kz

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі сот залынан хабарлайды.

Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова сотта қорғауындағы азаматтың әрекеті "заңсыз өзгертіліп, басқа баппен қосымша айып тағылғанын" мәлімдеді. Оның айтуынша, сот істі прокурорға қайтаруы керек. Ол істі дұрыс емес сипаттау туралы өтінішін қарауды сұрады.

Сондай-ақ, оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірқатар тармағын сақтамаған-мыс. Адвокат прокуратура Бишімбаевтың қорғаушылары анықтаған заңбұзушылықтарды жоймағанын айтты.

"Олар үндемей отырды. Іс бойынша қылмыстық қудалауды қадағалау болған жоқ. Тергеу адвокаттарға айыптау қорытындысының көшірмесін де берген жоқ", - деді адвокат.

Ол дәл осындай әрекет екі бапқа сараланғанын айтты.

"Тергеушілердің пікірінше, бұл қылмыстық іс бойынша айрықша қатыгездікпен азаптау деген не? Егер азаптау болса, онда ол қалай жасалған? Егер Нүкенованың дене жарақатында ерекше қатыгездік 3-4 апта бұрынғы дененің көгергені және басқа да дене жарақаттары болса, тергеу қандай негізде айрықша қатыгездікпен өлтірді деген қорытындыға келді? Дәл сол әрекет тергеуде екі түрлі бап бойынша сараланды.

Араларында аяқ астынан туындаған жанжалдың себебінен бірнеше рет ұрып-соғуды айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру деп саралауға негіз болмайды", - деді Назкен Құсайынова.

Адвокат тергеуден бірқатар сараптаманы, соның ішінде Нүкенова қайтыс болған ғимараттағы бейнежазбаларды талдауды, оқиға орнына жедел жәрдем шақыру видеосын қосуды талап еткенін айтты.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде Бишімбаевтың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында, құрметті сот, Сізден қылмыстық іс материалдарын қылмыстық іс жүргізу кодексінің заңбұзушылықтарын жою үшін алдын ала тыңдау сатысында прокурорға қайтаруыңызды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату ("Адам өлтіру" - ред.) және 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату" - ред.) керек, - деді Назкен Құсайынова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066322-bisimbaevtyn-advokaty-nukenovanyn-olimine-qatysty-isti-prokurorga-qaitarudy-surady/

pixel