"Айына 5-6 млн теңге аударып отырған": Бишімбаевтың адвокаты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Астанада әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Тергеу жүйелі түрде ұрып-соғу болғанын дәлелдемеген, әсіресе зорлық-зомбылықпен жасалған қылмысты дәлелдемеген. Ал материалдық тәуелділікті айтар болсақ, Бишімбаевтың айына ұсақ шығындарына деп Нукеноваға айына 5-6 млн теңгеден астам қаражат аударып отырғанын ескерсек, дәлелденбеген, өтінішхатқа осы барлық аударымның құжаты бірге беріліп отыр", - деді адвокат Назкен Құсайынова.
Ол қорғаныс тарапынан жәбірленуші Нукеноваға психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындай отырып, психиатрдан жауап алуды, сондай-ақ әкесінің медициналық картасын талап етуді сұрады.
"Біз өз өтінішімізде аты-жөні аталған психиатрларды, психологтарды анықтап, олардан да, басқа куәгерлерден де жауап алуды сұрадық. Нүкенованың әкесіне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері бойынша сұрау салуды, Нүкенованың досынан жауап алуды, Нүкенованың дене жарақаты іздерін көргенін мәлімдеген оның қыздарын қылмыстық жауапкершілікке тартуды (сұрадық - авт.еск.)", - дейді Құсайынова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066379-aiyna-5-6-mln-tenge-audaryp-otyrgan-bisimbaevtyn-advokaty-malimdeme-zasady/