Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелдіктің қатысуымен ұйымдастырылған қаржы пирамидасына байланысты іс қаралып жатыр

Опубликовано:

судья
Судья. Көрнекі фото: Boonchai Wedmakawand / Getty Images

Алматыда Sincere System Group ЖШС әрі S-Group атты қаржылық пирамидасын құруға көмектесті деп айыпталған үш адамға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, Алматыда үш адамға қатысты сот отырысы өтті. Оларға қаржылық пирамиданы ұйымдастыруға қатысы бар деген айып тағылған.

"Тергеу органы аталған тұлғалар заңсыз баю мақсатында инвесторларды жаппай тарту қажет екенін түсініп, WhatsApp әрі Telegram әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылып жатқан инвестициялық бағдарламалар туралы жалған ақпарат таратқанын анықтады. Олар халыққа S-Group жобасының қызметі туралы жалған ақпарат беріп, әлеуетті инвесторларды қаражат салуға үгіттеген", – делінген Алмалы аудандық сотының хабарламасында.

Дереккөз ақпараты бойынша, Sincere System Group ЖШС-де қаржылық пирамида белгілері анықталған.

"Сондай-ақ іс материалдарында мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген Машуров В. (Украина азаматы), Авазова М.Н. әрі Тажбенов Р.Р.-ға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарында Sincere System Group қаржы пирамидасының ұйымдастыруына Машуров В., Авазова М., Тәжбенов Р. қатысы бары анықталды", – делінген іс материалдарында.

Айта кетейік, Қазақстандағы Sincere Systems (S-group, SS-group) компаниясы Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржы пирамидалары тізіміне енген.

Жазда Қазақстанның бірқатар қаласында осы компанияның қызметіне қатысты күдіктілер ұсталған болатын. Ақтөбедегі Sincere Systems компаниясы басшыларының үйлерінде тінту жүргізілген.

Алматыда Sincere System Group компаниясының басшылығына қатысты іс қозғалды.

Оған қоса биыл қаңтарда украиналық Вадим (Вадым) Машуров Қазақстанда іздеуге жарияланған болатын. Алматы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратына сүйенсек, бұл азаматтың Қазақстан Республикасындағы қаржы пирамидасының қызметіне қатысы болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066445-almatyda-seteldiktin-qatysuymen-uiymdastyrylgan-qarzy-piramidasyna-bailanysty-is-qaralyp-zatyr/

pixel