Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде электр тарифтері былтыр екі рет, ал биыл тағы бір рет өскен

Опубликовано:

Жоғары вольттық бағана
Жоғары вольттық бағана. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде электр құны 23 пайызға артқан. Осыған байланысты қала тұрғындары қала әкімдігіне жиналған. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі хабарлады.

Телеарна мәліметінше, тарифтердің қымбаттауына байланысты жиын Ақтөбеде бұған дейін 2 рет өткен. Сол кезде 500-дей кәсіпкер құзыретті палатаға шағымын жолдап, жарық пен жылудың бағасын шамадан тыс өсірмеуді талап еткен.

"Қала тұрғындары 14,88 теңге төлейді. Бірақ одан көшенің жарығына, токқа кететін, басқа да шығындар артылмайды. Ал сол шығынның бәрін саяжай тұрғындарының мойнына іліп тастап отыр", – дейді саяжай ұжымының төрағасы Аманқос Құлов.

Саяжайдағы үйлерге жарық ескі трансформаторлардан келеді. Кейбір жерде тозығы жеткен бағандар әлі тұр. Жергілікті жұрттың айтуынша, ток желісінің жөндеу көрмегеніне 30 жылдан асқан. Сондықтан мемлекет мекемені меншігіне алғысы келмейтін көрінеді.

"Барлығы ережеге сәйкес келсе, қабылдаймыз. Бірақ біраз мәселе бар. Көшелері тар, бағандар ауланың ішінде тұр. Аулада тұрған соң алдағы уақытта оны қарау қиынға соғады", – деді қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіков.

Бағаның өсуіне электр жеткізу қызметінің қымбаттауы әсер еткен. Жарықпен қамтамасыз ететін компания өкілінің айтуынша, тарифті көтеруден басқа амал жоқ.

"Электр энергиясын 38 пайызға өсіру туралы сұраныс жасадық. Қазір 23 пайызға көтерілді. 1 наурыздан бастап халық төлейтін баға 14,88 теңгеден 18 тг 61 тиынға өзгерді", – деді энергиямен қамтитын компания директорының міндетін атқарушы Рүстем Арыстанов.

Компанияның тарифті 40 пайызға дейін өсіру туралы жоспары болған. Бірақ монополияны бақылау департаменті сұранысты сараптап, құнын шамадан тыс асыртпаған сияқты. Ведомстводағылар жарық құны коммуналдық инфрақұрылымның тозуын төмендету үшін қымбаттағанын жеткізді.

"Электр энергиясының қымбаттауының негізгі себептерінің бірі – Қазақстанның алдыңғы жылғы енгізілген бірыңғай сатып алушылардың электрді сатып алу бағасының көбеюі", – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Дүйсен.  

Телеарна тілшісінің хабарына қарағанда, жаңа баға наурыздан бастап енген. Айта кетейік, былтыр жарық құны 2 рет, әуелі жазда, кейін күзде қымбаттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066556-aqtobede-elektr-tarifteri-byltyr-eki-ret-al-biyl-tagy-bir-ret-osken/

pixel