Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі: сот өкілдері журналистердің отырысқа кіргізбей қойды деген шағымына жауап берді

Жарияланған күні:

Сот ғимаратында жиналған журналистер
Сот ғимаратында жиналған журналистер. Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Астана сотының өкілдері Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдауда журналистердің жұмысына жағдай жасау мәселесін түсіндірді. Бұл отырысқа БАҚ өкілдері кіргізілмеген еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да адамдар үшін шектеу бар деген тұжырымдар шындыққа жанаспайды", - дейді соттағылар.

Алдын ала тыңдалым ашық режимде өткен. Алайда журналистер сот залына кіре алмаған.

"Заңнама талаптарына сәйкес, сот процеске қатысушылардың (сотталушылардың, жәбірленушілердің, олардың қорғаушыларының, прокурордың) отырысқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

Отырыс өтетін залға қатысуға ниет білдірген барлық қатысушы сыймады", - дейді соттағылар.

Сол себепті процеске қатысушылардың көптігін ескере отырып, қосымша тағы 2 зал (БАҚ өкілдері және басқа да қатысушылар үшін) жабдықталған.

"Бұл залдарда қажетті жабдықтар орнатылып, отырыс тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Ақпаратты жедел алуға мүмкіндік жасалған", - деді сот өкілдері.

Айта кетейік, кеше, 11 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталған. Журналистер отырысты басқа бөлмедегі теледидар арқылы көруге мәжбүр болған.

Алдын ала сот тыңдауында сотталушының адвокаттары мәлімдеме жасады. Сот тыңдауында Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтты. Сондай-ақ ол алқабилерге жүгінгісі келетінін жеткізді.

Алдын ала тыңдау барысында прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні марқұм әйел мен Қуандық Бишімбаевтың арасында не жағдай болғанын оқып берді. Бұл істе екінші айыпталушы да бар. Оған қандай айыптар тағылып отырғанын да жазған едік. Кейін сот тыңдауында 12 наурыздағы сағат 17:00-ге дейін үзіліс жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066595-bisimbaev-isi-sot-okilderi-zurnalisterdin-otyrysqa-kirgizbei-qoidy-degen-sagymyna-zauap-berdi/