Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрмады, теппеді – мұндай дәлел жоқ": Бишімбаев сотында тағы бір адвокат сөз алды

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Көрнекі фото: primeminister.kz

Бүгін, 11 наурызда Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сотта Бишімбаевтың адвокаты , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот отырысында Бишімбаевтың тағы бір адвокаты мәлімдеме жасап, экс-министрдің кісі өлтіру ниеті болмағанын айтты.

"Шын мәнінде жанжал туындады, Бишімбаев Нүкенованы ұрғанын жоққа шығармады, себебі ол жанжал шығарған. Сотталушының әрекеті қызды тынышталдыруға бағытталды", - деді айыпталушының адвокаты.

Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев қызды жұдырықпен ұрмаған, теппеген.

"Бишімбаев оны жұдырықпен ұрмады, теппеді - мұндай дәлел жоқ, видеода да жоқ, еш жерде көрсетілмеген. Орташа ауыр деңгейде денсаулығына жарақат салмаған. Сараптама бойынша, Нүкенованың өлімі асқынған гематома кезіндегі ми жарақатынан болған, орталық жүйке жүйесі функциясы жұмыс істемей, жүрегі тоқтап қалған", - деді адвокат.

Ол сот-гистологиялық зерттеу сарапшысының қорытындысы бойынша, өлген адамның гематомасы болғаны анықталған, шамамен 3-4 апта бойында қан кеткен, сондай-ақ шамамен 12 сағаттан бері гематома болғаны анықталған. Адвокаттың айтуынша, "ескі" гематоманың беті қайтып келе жатқан - науқас осындай созылмалы гематомамен өмір сүрген болуы мүмкін. Басқа сарапшылар, адвокаттың сөзіне қарағанда, "ескі гематоманы" елемеген.

"Алғашқы сараптамада созылмалы гематома болуы есепке алынбаған, содан кейін ол анықталған - сонда бұл жерде шындық қайда? Сарапшылар қарама-қайшы қорытынды жасап отыр. Жәбірленушінің 2023 жылғы 9 қарашадағы оқиғаға дейін миында зақым болғаны туралы фактілер тіпті басына болмашы ғана зиян келсе де, бұл ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін білдіреді (өлім - ред.еск.).

Сотталушы қыздың созылмалы гематома түріндегі патологиясы туралы білмеді және білуі мүмкін емес, өйткені миы зақымданып қойған. Бұл факт сотталушының еріксіз әрекетінің салдары мен кездейсоқтық болғанын көрсетіп отыр", - деп қосты адвокат.

Бишімбаев өз әрекетінен жәбірленуші өліп кететінін бағамдай алмады, деп есептейді қорғаушы.

Салтанат Нүкенованың өлімі

9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің дене жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдікті екені белгілі болды.

Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан болып шықты.

Сондай-ақ Салтанат Нүкенова Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкеновтің жиені екені белгілі болды.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Нүкенова қайтыс болған "Гастро-орталық" директоры да қамауға алынды. Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.

Кейін полицейлер кісі өлтіру оқиғасы болған мейрамхананың бақылау камерасының бейнежазбаларын тәркіледі. Салтанаттың туыстары Қуандық Бишімбаевтың бауырын да жауапқа тартуды талап етті.

Қайғылы оқиға жайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. Ол Нүкенованың өліміне қатысты істі ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Ал ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жас келіншек нақты қашан қайтыс болғаны медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатынын айтты.

Желтоқсан айының аяғында бұл іс туралы Қуандық Бишімбаевтың әкесі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Уәлихан Бишімбаев айтты.

"Ұлым өз ісіне сәйкес әділ жазасын алуы керек. Мен әке ретінде ұлым үшін қатты уайымдаймын, бірақ оны ақтамаймын. Мен биліктен көмек сұрап барған емеспін және бармаймын да", - деді ол.

Кейін Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым пікір білдірді.

Зардап шеккен тараптың адвокаттары Салтанаттың туыстарының сөзіне сілтеме жасап, тараптар татуласуы мүмкін емес деп мәлімдеді.

Бұған дейін марқұмның ағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ашық өтуін талап етіп отырғанын, өйткені марқұмның отбасы Бишімбаевтар отбасының сот процесіне ықпалынан қауіптенетінін айтқан.

Қаңтар айының басында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды.

ІІМ тергеу қандай баптар бойынша жүргізілгенін де атады: бұрынғы ұлттық экономика министрі екі бап бойынша, кісі өлтіру және азаптау, ал бауыры қылмысты жасырды деп айыпталып отыр.

Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот отырысы 11 наурызға тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066262-urmady-teppedi-mundai-dalel-zoq-bisimbaev-sotynda-tagy-bir-advokat-soz-aldy/

pixel