Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайда бизнеске бақылау орнатуға тырысқан деген күдіктілер ұсталды (фото, видео)

Опубликовано:

ҰҚК қызметкері күдіктілерді ұстап жатқан сәт
Күдіктіні ұстау сәті. Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі

27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік "заңдағы ұрылар" деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша "Бурабай" курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды.

Қазір Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066679-burabaida-bizneske-qylmystyq-baqylau-ornatuga-tyrysqan-degen-kudiktiler-ustaldy-foto-video/

pixel