Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған жаттықтырушылар сотталды

Опубликовано:

Бапкер
Бапкер. Көрнекі фото: pixabay.com

Сот үкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бір және екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Бұл жөнінде қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы орган таратқан ресми хабарламаға сүйенсек, сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталған.

"Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді", - делінген хабарламада.         

Қалалық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066721-symkentte-byudzet-qarazatyn-zymqyrgan-zattyqtyrusylar-sottaldy/

pixel