Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министр азық-түлікті қымбаттату жауапкершілікке әкеп соғатынын айтты

Опубликовано:

Супермаркетте арбамен тауар алып жүрген әйел
Азық-түлік дүкені. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетінің отырысында әкімдіктер мен министрліктерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы көтерілсе, оған жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бектенов екі айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайызға тең болғанын айтты.

"Биыл үкімет пен Ұлттық банктің алдында оны 8 пайыздан төмен ұстау міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жеміс-жидек, сусын, май және макарон өнімдеріне бағасаның өсуі байқалды.

Көріп отырғаныңыздай, бұл өте көп позиция. Бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін білдіреді. Өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсуі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелді", - деді ол.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, бұл мәселенің әлеуметтік маңызы бар. Ол өзінің орынбасары Серік Жұманғаринге мәселені қатаң бақылауда ұстауға тапсырды.

"Егер өңірлер жергілікті деңгейде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар жасамаса, тиісті шешімдер қабылдау үшін дереу маған есеп беруіңізді сұраймын", - деп ескертті премьер-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпан айының соңында елімізде бағаның нақты не және қаншаға өскенін егжей-тегжейлі айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066730-premer-ministr-azyq-tulikti-qymbattatu-zauapkersilikke-akep-sogatynyn-aitty/

pixel