Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматыда неге құрылыс қарқыны төмендеп кеткенін түсіндірді

Опубликовано:

Алматыда жаңа салынып жатқан тұрғын үй
Құрылыс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысында премьер-министер Олжас Бектенов Алматы әкімі Ерболат Досаевтан неге қалада құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және сауда салаларындағы көрсеткіштер төмен екенін сұрады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және сауда бойынша төмен көрсеткіштер мына факторларға байланысты: сауданың төмендеуі ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына, автомобильдер мен электронды техникаға сұраныстың азаюы мен көтерме сауданың 3 пайызға төмендеуіне байланысты. Дегенмен осы жылғы қаңтар-ақпанда 5,2 пайыз бола отырып, бөлшек сауданың өсуі жалғасуда", - дейді Алматы әкімі.

Ол алдағы мереке күндері сұраныс қалпына келетінін, қорларды толтыру қажеттігін ескере отырып, көтерме сауда көрсеткіші оң траекторияға шығады деп болжанып отырғанын айтты.

Әкім құрылыс қарқынының бәсеңдеуіне Алматыны дамытуға қойылатын талаптардың өзгеруі әсер еткенін атап өтті.

"Ал құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі 2023 жылғы мамырда қабылданған Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарына және өткен жылдың 29 желтоқсанында бекітілген жаңа Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес үй салуға жаңа талаптар енгізуге байланысты.

Мемлекет басшысының объектілердің сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, үйлерді тығыз салуға жол бермеу және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ Алматыны полицентрлі дамыту бойынша тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласын дамыту жоспарында тұрғын үйді іске қосуды 2023 жылғы 2,5 млн шаршы метрден осы жылы 2 млн шаршы метрге дейін қысқарту қарастырылған.

Жалпы құрылыс маусымы басталғанын ескере отырып, сәуір айының қорытындысы бойынша құрылыстық оң динамикасын күтеміз", - деді Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2066784-dosaev-almatyda-nege-qurylys-qarqyny-tomendep-ketkenin-tusindirdi/

pixel