jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Макрон жас қазақстандық жұпты құттықтап, Тоқаевтың сыйы туралы айтты (видео)

Эммануэль Макрон
Қазақстандық жұп және Эммануэль Макрон. Видеодан скриншот: instagram/sanzhartaizhan

Қазақстандық Санжар Тайжан Эйфель мұнарасының шолу алаңында ғашығына үйленуге ұсыныс жасады. Франция президенті Эмманюэль Макрон сол жерде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық қос ғашық өте ерекше "қонақты" видеоға түсіріп, тіпті онымен сөйлесіп үлгерген. Видео Instagram желісінде жарияланды.

"Сүйіктіме үйленуге ұсыныс жасадым. Ал бірнеше сағаттан кейін Франция президенті Э. Макрон бізді құттықтады", - деп хабарлады Санжар Тайжан өз жазбасында.

Кадрларға қарағанда, қазақстандық жұпқа Франция президентімен тілдесудің сәті түскен.

Әңгімеде қыз бен жігіт үйленетінін айтып, оларды Макрон құттықтаған. Сондай-ақ олардың қайдан келгенін сұрап, Қазақстан туралы естігенде бірден президент Тоқаев пен сыйға алған тазы тұқымды күшіктерін еске түсірген.

Видеоға пайдаланушылар көптеген пікір жазып жатыр. Олардың көпшілігі жастарды құттықтап, мұндай ерекше сәтке таңданып жатыр.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қарашасында Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапармен келген еді, оны әуежайда премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды. Осыдан кейін Франция басшысы Ақордаға келіп, Тоқаевпен кездесті.

Макрон жас қазақстандық жұпты құттықтап, Тоқаевтың сыйы туралы айтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.