Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Қазақстанда мектептер мен колледждерде сотталған адамдар жұмыс істеген

Опубликовано:

Күдіктіні тергеу изоляторына қамау сәті
Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сенатта бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың Қазақстандағы мектептер мен колледждерде жұмыс істегенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Арғын Айтқожин ауыр қылмысы үшін сотталғандардың Қазақстандағы мектептер мен колледждерде жұмыс істегенін айтты.

"Алматыда 2006 жылы кісі өлтірген бір әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал адам зорлаған азамат лаборант болып жұмыс істеген.

Астанада бұрын адам зорлағаны үшін сотталған азамат халықаралық колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Бұдан бөлек тазалықшы мен мұғалімге қатысты қасақана дене жарақатын салды деген айып тағылғаны белгілі болды", - деді ол.

Оның айтуынша, бұндай фактілер еліміздің барлық өңірінде анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067111-bas-prokuratura-elimizde-mektepter-men-kolledzderde-sottalgan-adamdar-zumys-istegen/

pixel