Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыл" партиясының бұрынғы төрағасы Ғани Қалиев өмірден өтті

Опубликовано:

Ғани Қалиев
Ғани Қалиев. Фото: datnews.info

Қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев дүниеден озды. Ғылым академиясының академигі 86 жаста болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғани Қалиев Жоғарғы кеңесі мен парламент мәжілісінің депутаты болған.

Сонымен қатар "Ауыл" партиясының бұрынғы төрағасы.

Ол 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысы, Шу ауданы, Белбасар ауылында туған.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры қызметін атқарды.

1984-88 жылдары қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан бастап парламент мәжілісінің депутаты атанды.

Ғани Қалиевтің басшылығымен агроөнеркәсіптік кешеннің ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067189-auyl-partiyasynyn-buryngy-toragasy-gani-qaliev-omirden-otti/

pixel