Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан қаза болған 8 адамның денесі жақындарына берілді

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: КТК арнасы

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан қаза тапқан 8 адамның денесі жақындарына бүгін берілген. Дененің кімге тиесілі екенін анықтау үшін жасалған күрделі сараптама бір аптаға созылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, марқұмдардың жақындары сараптаманың ұзаққа созылғанына наразылық танытқан.

"Неге бізге жеті күннен бері денесін бермейді? Неге тездетіп сараптама жасамайды? Анам отыр, жылап. Мұсылманша жерлей алмай, бауырлары отыр. Төрт бауырымды алмай кетпеймін", – деді Әсел Әділова.

Ал мамандар дененің кімдікі екенін анықтау қиынға соққанын айтты.

"14 зерттеу санын алып келді. Малекулярлы-генетикалық сараптама жасау, туыстық қатынасын анықтау өте қиын. Бірақ біз мереке күндеріне қарамастан, бұл жағдайды түсініп тұрмыз. Біздің сарапшылар ертерек зерттеуді анықтау мақсатында үш күн бойы жұмыс істеді", – деді Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының директоры Сапарғали Рахманов.

КТК арнасының мәліметінше, түстен кейін марқұмдардың денесін туыстарына берген.

Айта кетейік, 6 наурызда Ақтөбе облысында Ақтөбе – Астрахань тас жолының 120 шақырымында ірі жол-көлік апаты болғанын жазған едік .Жол апаты кезінде Lada Largus автокөлігі өртеніп кеткен.

Осы факт бойынша облыстық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067198-aqtobe-oblysynda-iri-zol-apatynan-qaza-bolgan-8-adamnyn-denesi-zaqyndaryna-berildi/