Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін, аулалар мен тұрғын үйді су басты (видео)

Опубликовано:

Су басқан көшелер
Шымкентте көшелерді су басты. Видеодан кадр: instagram.com/tvoy.shymkent

Сейсенбі, 12 наурызда Шымкентте жауын-шашын салдарынан қала көшелерін, аулалар мен жеке тұрғын үйді су басты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласында Тұран ауданы мен Қазығұрт шағынауданында жаңбыр түрінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты (33.7 мм-ге дейін) бір жеке тұрғын үйді, 15 аула аумағын және 4 аудандағы 10 көшені су басқан.

ТЖД жеке құрамының 31 қызметкері, 10 техника, 13-мотопомпа және ЖАО күштері жұмылдырылып, 10 аула аумағы мен 6 көшеде су айдау жұмыстары жүргізілді.

"Барлығы 1700 астам текше метр су шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067285-symkentte-tolassyz-zaugan-zanbyr-saldarynan-qala-koselerin-aulalar-men-turgyn-uidi-su-basty-video/

pixel