Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 65 ауылды су басу қаупі бар

Жарияланған күні:

Су сорғыту жұмыстары
Су сорғыту жұмыстары. Фото: ТЖМ

Павлодар облысында 65 елдімекенде су тасқыны болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті табиғи апаттың алдын алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Мамандардың сөзінше, былтырмен салыстырғанда биыл жауын-шашын 56 пайыз көп түскен. 20 наурызға қарай қар тез ери бастайды деген болжам айтылды. Құтқарушылар қызу дайындалып жатыр.

Телеарна мәліметінше, облыста көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бекітілген инженерлік жоспар бар. Оның шеңберінде Май ауданының Қаратарек ауылында Ертіс өзенінің жағасы нығайтылды. Ақтоғай ауданының шекарасындағы Сілеті өзенінің арнасы тазартылып, түбі тереңдетілді. Облыстық ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтың айтуынша, күн күрт жылынса барлық күш құтқару іс-шараларына жұмылдырылады. Ол халықты эвакуациялайтын 43 арнайы пункт ашылатынын атап өтті.

"36 мың дана көлемінде қапшықтары бар 141 мың тонна инертті материал, 129 тонна жанар-жағармай көлемінде қор құрды. Тамақтануға 85, жарылыс жұмыстарына 7 ниет-шартын жасасты. Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елдімекендерінен 890 мың текше метрден астам қар шығарылды. Он бесінші наурызға дейін 1 506 су өткізу құбырын ашу жоспарлануда", - деді облыстық ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067297-pavlodar-oblysynda-65-auyldy-su-basu-qaupi-bar/