Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда велосипедтер жалға берілмейді: бұған қатысты әкімдік өкілдері жауап берді

Опубликовано:

Велосипедтер
Велосипедтер. Фото: instagram.com/almatybike

Алматы тұрғындары жалға берілетін велосипедтердің жұмысы тоқтап тұрғанына шағымданды. Велошеринг компаниясы мен қала әкімдігі өклідері мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

AlmatyBike велошеринг компаниясының Instagram-дағы парақшасында жарияланған жазбаға пікір жазған алматылықтар қалада жалға берілетін велосипедтердің жоқтығына шағымданды.

Компания өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Жобаның іске қосылуына қатысты сұраныстардың артуына байланысты 2024 жылға қызмет көрсету шартының болмауына байланысты велосипеттерді жалға беруді бастау мүмкін емес екендігі туралы хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта іске қосу мерзімі белгісіз", - делінген хабарламада.

Компаниядағылар барлық сұрақ бойынша Алматы қаласы әкімдігінің қалалық мобилділік басқармасы жауап беретінін жеткізді.

Бұл жайтқа қатысты NUR.KZ тілшісіне қала әкімдігі өкілдері жауап берді.

"Қазіргі уақытта AlmatyBike автоматтандырылған велосипедтерді жалға беру жүйесінде жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажет жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, соның ішінде жалға беру станцияларында велосипедтер қаланың велостанцияларында қойылды.

Сонымен қатар қалалық мобилділік басқармасы сервистік компанияны анықтау бойынша конкурс өткізуде", - делінген ведомство хабарламасында.

AlmatyBike ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес Алматыда велосипед жалға беретін 185 пункт бар. Бұған дейін жалға беру жүйесі тәулік бойы жұмыс істеп тұрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067324-almatyda-velosipedter-zalga-berilmeidi-bugan-qatysty-akimdik-okilderi-zauap-berdi/

pixel