Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығын – 14,3 млрд теңге": шенеуніктер Қазақстанға көлік әкелу арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Кептелістегі көліктер
Кептелістегі көліктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы мониторинг агенттігі шығарылған жылын өзгерту арқылы қауіпті көліктердің Қазақстанға заңсыз әкелінген схемасы туралы хабарлады. Алдын ала келтірілген шығын 14,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілдері көліктің көпшілігі әлі де дизельмен жұмыс істейді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келетінін жеткізді.

Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады.

Сондықтан кейбір азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады.

"Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген.

Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде. Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған.

Кейбір жағдайларда тіркеу (2016 жылға дейінгі көліктер) Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа көлік ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілгені анықталды

"Халықаралық автомобиль тасымалдаушысының куәлігі берілген фактілер болған, бастапқы есепке қою алымды төлемей жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген көлік құралдарына құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырылды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.

ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз "деректерді қолдан" енгізу арқылы жасалғанын көрсетті.

"Автокөлік құралдарын бүкіл ел аумағында одан әрі заңсыз алаяқтық схемалар арқылы тіркеуді болдырмау мақсатында агенттік ақпараттық жүйелерді айналып өтіп, деректерді "қолдан" енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады.

"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-мен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация қызметінің Қағидаларына заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067381-sygyn-143-mlrd-tenge-seneunikter-qazaqstanga-kolik-akelu-arqyly-alayaqtyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel