Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

SCAT әуекомпаниясына берілген аңшылық алқап мемлекетке қайтарылды

Опубликовано:

Аңшылық алқап
Алқап. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының прокуратурасы SCAT әуекомпаниясына берілген аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ақпаратынша, 2019 жылғы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған.

Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және "SCAT авиакомпаниясы" АҚ арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқапты жалға беру шарты жасалған.

"Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы).

Алайда "SCAT әуекомпаниясы" АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын іске асырмаған", - делінген Түркістан облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде бұйрық шығарылып, шартты бұзу жолымен аңшылық алқапты мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067408-scat-auekompaniyasyna-berilgen-ansylyq-alqap-memleketke-qaitaryldy/

pixel