Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 25 кеншінің өміріне қауіп төндірген шахтаның қызметі тоқтатылды

Опубликовано:

кен орны
Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында прокурорлар "Тұйық" кен орнының қызметінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілерін анықтады. Сот шешімімен шахтаның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Қарағанды және Павлодар облыстарында болған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы "Тұйық" қорғасын кен орнының ұңғымада (бұдан әрі - шахта) тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.

Облыстық прокуратура мәліметінше, анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды.

Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

"Сонымен қатар МАЭС шешімімен ықтимал теріс салдарларды болдырмау мақсатында шахтаның қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды", - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067498-almaty-oblysynda-25-kensinin-omirine-qauip-tondirgen-saxtanyn-qyzmeti-toqtatyldy/

pixel