Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділетті Қазақстан орнатуды қашан жоспарлап отырсыздар": депутат Зайытов құқық қорғау жүйесін сынады

Опубликовано:

Ринат Зайытов
Ринат Зайытов. Видеодан кадр: youtube.com/@mazhilis_kz

13 наурызда өткен мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов әділет министрі Азамат Есқараевтан әділетті Қазақстан қашан орнайды деп сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ІІМ, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың өкілдеріне айтарым, президенттің халыққа үміт берген бір сөзі "әділетті Қазақстан" еді.

Қазір Қазақстанда кез келген адамды көшеден алып кетіп қамай салатын ІІМ бар, жоқ жерден айып тағатын прокуратура бар", - деді депутат.

Сондай-ақ депутат шешім шығара салатын сот бар екенін сынға алды.

"Әділетті Қазақстан орнатуды қашан жоспарлап отырсыздар?", - деді Зайытов.

"Сұрағыңыз орынды. Бұл - жұмыс тобы шеңберінде қарастырылатын мәселе. Бұны жан-жақты мемлекеттік органдамен қайта пысықтап, сіздің сұрағыңыз бойынша қосымша жауап беруге дайынбыз", - деп қысқа жауап берді әділет министрі Азамат Есқараев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067525-adiletti-qazaqstan-ornatudy-qasan-zosparlap-otyrsyzdar-deputat-zaiytov-quqyq-qorgau-zuiesin-synady/

pixel