Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы мектептерде қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар жұмыс істеген

Опубликовано:

Сынып
Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 1200-ден астам заңбұзушылық анықталды бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар мектептерде жұмыс істеп келген. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, бас прокуратураның тапсырмасы негізінде барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 1200-ден астам заңбұзушылық (қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім беру сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі және т.б.) фактілері анықталған.

"Мәселен, мектептерге кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 3 адам жұмысқа орналастырылған.

Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды (кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау)", - делінген прокуратура хабарламасында.

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, 16 мемлекеттік және бір жекеменшік мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу фактілері анықталған.

"Қазіргі уақытта осы сайттарға қолжетімділік шектеліп, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (білім беру ұйымдарының Интернет желісіне білім алушылардың қолжеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы).

Барлығы 129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерумен қамтылып, нәтижелері бойынша заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 91 ұсыныс енгізілді, 108 заңды және 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 1 адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, осыған ұқсас фактілер бойынша тағы 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 353 млн теңге сомасына негізсіз жоспарланған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды", - дейді прокуратура өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067564-buryn-qylmystyq-zauapkersilikke-tartylgan-atyrau-oblysyndagy-mektepterde-birqatar-zanbuzusylyq-anyqtaldy/

pixel