Синоптиктер Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер 16 наурыздан бастап Қазақстан бойынша күн жылынады деп болжап отыр. Бірақ алдағы күндері жауын-шашын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады.
14 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтілсе, 15 наурызда Жетісу облысында осындай ауа райы сақталады.
15 наурызға қараған түні Алматы облысында қалың қар жауады.
"Республиканың барлық аумағында жел күшейеді. Тұман, көктайғақ күтіледі. Елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында қар жауады", - деді синоптиктер.
"Қазгидромет" РМК мамандары 16 наурыздан бастап күндіз еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайтынын хабарлады.
Атап айтқанда, Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +5...+13 градусқа дейін, солтүстігінде 0...+5 градусқа дейін жоғарылайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067579-sinoptikter-qazaqstanda-kun-qasan-zylynatynyn-aitty/