Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірін сүру жұмыстары басталды

Опубликовано:

Тұрғын үйді сүру жұмыстары
Тұрғын үйді сүру жұмыстары. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда "Мечта" тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары басталды. 2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы соттың қаулысымен Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдеде қабылданған объектіні бұзу туралы қаулы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлағандай, нысанды сүруге соттың тергеу жұмыстары 2022 жылдан бері жалғасып келеді.

Обсерватория көшесі, 104/4 мекенжайында орналасқан "Мечта" ТК салу кезінде көптеген бұзушылықтарға жол берілген. Атап айтқанда тексеру кезінде 2 нысанға рұқсат беру құжаттары болмаған және бүкіл нысан бойынша көптеген қателіктер анықталған.

"Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскеде орналасқан.

Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет беріп, пәтерлерді сатуды жоспарланған.

Бұған дейін басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын", - делінген хабарда.

2022 жылғы 1 тамызда тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамаған.

"2022 жылғы 19 қазанда Медеу аудандық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз жолданды, соңынан ұзақ мерзімге созылған сот талқылаулары жүргізілді.

2023 жылғы 20 шілдеде Алматы қалалық сотының шешімімен нысанды бұзуға талап қанағаттандырылған.

2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы соттың қаулысымен Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі объектіні бұзу туралы қаулысы өзгеріссіз қалды", - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, тұрғын үй кешені бұрын жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ұсынылмайтын нысан ретінде жарияланған және заңнама мен құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып салынған 54 таулы аймақтардағы нысандардың тізіміне енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067597-almatyda-turgyn-ui-kesenderinin-birin-suru-zumystary-bastaldy/

pixel