Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да су тасқынына дайындық кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды

Опубликовано:

Өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

СҚО-да төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша заңдылықтың жай-күйін талдауда Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңының талаптарын өрескел бұзушылықтарды анықталған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Айыртау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары тасқын су басатын елді мекендерден қар шығару жұмыстарын ұйымдастырмаған.

Заң талаптарын бұза отыра, бұл ауданда жауапты тұлғалар облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстарын жүргізбеген.

"Осындай бұзушылықтар Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл аудандарында анықталған. Тимирязев ауданында Заң талаптарын бұза отырып, инженерлік техника мен инертті материалды алуға шарт жасалмаған.

Сонымен бірге Мамлют, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов аудандарының жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қорғаныш топырақ үйіндісін нығайту және су өткізгіш құбырларды орнату бөлігінде 2024 жылғы су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарының іс-шаралары орындалмады", - делінген прокуратура хабарында.

Қадағалау органының шаралары бойынша жергілікті атқарушы органдар заңбұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жүргізілген талдау нәтижелері биылғы 5 наурызында облыс прокурорының төрағалығымен ведомствоаралық кеңесте талқыланып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты лауазымды тұлғалар тыңдалатыны айтылады.

Отырыс нәтижесінде су тасқынының қауіпсіз өтуіне және төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүргізу туралы бірлескен шешім қабылданыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067741-sqo-da-su-tasqynyna-daiyndyq-kezinde-oreskel-zanbuzusylyqtar-anyqtaldy/

pixel