Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың ісінде журналистер неге сот залына кіре алмады: Балаева пікір білдірді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев сотта. Фотосурет: Астана сотының баспасөз қызметі

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистердің Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралған сот залына кіргізілмеуіне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Министрлік әрқашан журналист құқықын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обиективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайды.

Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді.

Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады.

Жалпы, БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырамын", - деді Балаева facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын сот талқылауын жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, заңның үстемдігін, әділ сот төрелігін ескеруге және жалған ақпарат таратудан, соттың қызметіне қандай да бір түрде араласудан сақтануға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 және 12 наурызда Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдіктелген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтті.

Бұл резонанстық іс процесі Қазақстанның барлық БАҚ журналистерінің назарын аударды. Ондаған БАҚ өкілдері бұл процесті сот залынан жарияламақ болды.

Тыңдалым ашық режимде өтті, алайда журналистер залға кіре алмады және бұл процесс алдында ғана белгілі болды.

Сотта бұл шешімді процеске қатысушылардың көп болуымен түсіндірді.

Судья іс бойынша негізгі сот талқылауының күнін белгіледі. Ол 27 наурызда сағат 10:00-де өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067780-bisimbaevtyn-isinde-zurnalister-nege-sot-zalyna-kire-almady-balaeva-pikir-bildirdi/

pixel