Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Балаева даудан кейін "Бірақ..." ток-шоуы жабылатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: facebook.com/AidaBalayeva

"Хабар" арнасындағы "Бірақ..." бағдарламасы төңірегіндегі даудан кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ток-шоу жабылатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.

Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап "Хабар" арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған "Бірақ..." бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты", - деп жазды Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында.

Оның сөзінше, мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді.

"Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.

Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады", - деп жазды министр.

Еске салайық, бұған дейін ток-шоуда дау туындағанын жазған едік. Бағдарламаға қонақ болған келіншек өз оқиғасын баяндап берген. Ток-шоу редакторлары студияға күйеуі келмейді деп және бет-әлпетін көрсетпеуге уәде берген. Алайда эфир кезінде студияға күйеуі кіріп келген. Кейін Қоғамда резонанс тудырған бұл жағдайға "Хабар" агенттігінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев өз пікірін білдіріп, бағдарлама қонағынан кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067795-ministr-balaeva-daudan-keiin-biraq-tok-souy-zabylatynyn-malimdedi/