Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде аудан әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамалды

Опубликовано:

Қаржаубаев Ербақыт
Қаржаубаев Ербақыт. Фото: gov.kz

Ақтөбелік полицейлер Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары Ербақыт Қаржаубаев 15 тәулікке қамалды. Шенеунікке полиция талабын орындамай, мас күйін куәландырудан жалтарғаны үшін айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімінің орынбарасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс аудандық сотта қаралды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 613-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталған шенеуніктің әрекеті сотта дәлелденіп, 15 тәулікке қамауға алынды.

Осыған дейін сот кабинетінде аудан әкімдігіндегі шенеунікке қатысты істің 11 наурызда сотқа түскені айтылды.

Судья шенеунікті Әйтеке би аудандық сотына күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарған.

Шенеунік 13 наурыз күні өткен сотқа қатысты. Істі қарау барысында полиция қызметкерлері түсірген бейне жазба зерттеліп, куәлар шақырылды.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 613 бабы 4 бөлігімен кінәлі деп танылсын. 15 тәулікке қамаққа алынсын және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылсын. Әкімшілік қамаққа алу мерзімі 2024 жылғы 13-наурызы сағат 18:00-ден бастап белгіленсін",- деді судья Алмасбекұлы.

Судья Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің басшысы назарына жеке қаулы шығарды. Полиция қызметкерінің куәландыруды жүргізу барысында жол берілген заңбұзушылық барын ескертті.

Ал аудан әкімінің айтуынша, орынбасары бір күн бұрын өз еркімен жұмыстан кету арыз жазған.

“10 наурызда орынбасарыма қатысты келеңсіз жағдай болды, таңертең сізге кіріп шығамын деген. Өз еркімен жұмыстан босатуын сұрады, арызы қабылданып, лауазымынан босатылды”,- деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2067894-aqtobede-audan-akiminin-orynbasary-15-taulikke-qamaldy/

pixel