jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтөбеде бір жарым жасар қыздың өлімі дерегімен іс тергеліп жатыр

    Анасы қолынан жетектеген сәби. Көрнекі сурет
    Анасы қолынан жетектеген сәби. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақтөбеде полиция бір жарым жасар баланың өліміне қатысты тергеуді бастады. Сәби ауруханада емделгеннен кейін көз жұмған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, сәби ауруханаға желтоқсанның аяғында түскен. Ол стационарда қаңтардың ортасына дейін болған.

    Бастапқыда дәрігерлер лимфа түйіндерінің қабынуын емдеген. Емдеуден кейін бала үйіне жіберілген. Сәби ауруханадан шыққан соң кейін үш күн өткенде қайта ауырған. Кейін дәрігерлер антибиотик қабылдау керегін айтқан. Сәбиде аллергиялық реакция қозған.

    "Педиатр белсендірілген көмір, диазолин беріп, инфекционист шақырды. Бізді қабылдады. Қарау кезінде дәрігер қызылшаның белгілерін байқамады. Тек ауыз қуысында стоматитті байқап, оның вирустан болатынын айтты", - дейді бір жарым жасар қыздың анасы.

    Сәбидің жағдайы жақсармаған соң, Ақтөбеге жеткізілген. Қалада бала жансақтау бөліміне жатқызылды, бірақ оны дәрігерлер аман алып қала алмаған.

    "Бала ауруханада жатып емделуі керек болған, алайда амбулаторлық ем алған. Темір аудандық ауруханасы дәрігерлерінің жұмысында қателіктер бар. Олардың барлығына сөгіс жарияланды. Шаралар қабылданады", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

    Жүрегі жараланған ата-ана полицияға хабарласқан. Құқық қорғау органдары сараптама тағайындағанын айтты. Тергеу басталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.