Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстікте толассыз жаңбыр жауды: Түркістан облысы мен Шымкентте аулаларды су басты

Опубликовано:

Су басқан көше
Су басқан көше. Видеодан кадр: КТК

Түркістан облысы мен Шымкентте толассыз жаңбыр жауды. Аулаларды су басып, мегаполис тұрғындарына көшеде жүру қиынға соқты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше сағат ішінде аулалар мен үйлерді су басқан. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Жетісайдағы сегіз ауланың аумағына су кірген.

Шымкент тұрғындарына көшеде жаяу жүру немесе көлік жүргізу қиынға соққан. Тілші хабарлауынша, мегаполистің төрт ауданындағы бір үйді, 15 ауланы және 10 көшені су басқан.

ТЖД өкілдері өңірде жағдай реттеліп жатқанын айтты.

"Шымкентте жауын-шашын көп жауды. 15 ауланы су басты. 3 467 текше метр су сорылды. Арықтар мен каналдар тазартылды, кей аумақтар құм себілді. Бүгінгі таңда қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Асқар Шәріп.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068002-ontustikte-tolassyz-zanbyr-zaudy-turkistan-oblysy-men-symkentte-aulalardy-su-basty/

pixel