jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында бір үйде 300 шетелдік азамат тіркелген

Егов сайты
Егов сайты. Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдікті тіркеген 278 үйді анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, бұл үйлердің ішінде тұрғын үйлер де, жоқ мекенжайлар да кездескен.

"Мысалы Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген. Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Бұған қоса прокуратура мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келуші жалпы 79 млн теңге салық төлемегені анықталғанын, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келуші және қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші шығарылмаған.

Жалпы тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам құқықбұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Қадағалаушы орган құқықбұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Алматы облысында бір үйде 300 шетелдік азамат тіркелген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.