jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Журналистер жағдайға сабырмен қарауы керек": сенат төрағасы Бишімбаев ісін БАҚ-та жариялауға қатысты пікір білдірді

Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаттары
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаттары. Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сенат кулуарында Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінің БАҚ-та жариялануы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Алдағы сот шешімі объективті, әділ және заңды болатынына күмәнім жоқ.

Сот та, Жоғарғы сот басшылығы да қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеді деп ойлаймын. Бұл жерде ешкім қандай да бір айла-шарғыға түседі деп ойламаймын", - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, БАҚ өкілдері де жағдайға сабырмен қарауы керек.

"Қазір барлығы да процестің объективті, әділ және заңды болуына мүдделі, әркім өз жауапкершілігін түсінеді.

Сондықтан осы қайғылы оқиға мен соттан кейін біраз нәрсе өзгереді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда қоғам әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды талап етіп отыр", - деді ол.

Айта кетейік, 11 наурызда атышулы іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Сот залына журналистерді кіргізбеді, баспасөз өкілдері сот отырысын көрші бөлмеден теледидар арқылы бақылап отырды. Сот тыңдауында Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтты. Сондай-ақ ол алқабилерге жүгінгісі келетінін жеткізді.

Алдын ала тыңдау барысында прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні марқұм әйел мен Қуандық Бишімбаевтың арасында не жағдай болғанын оқып берді.

Судья басты сот отырысы өтетін күнді белгіледі. Ол 27 наурызда сағат 10:00-де басталады.

"Журналистер жағдайға сабырмен қарауы керек": сенат төрағасы Бишімбаев ісін БАҚ-та жариялауға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.