Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" арнасындағы даулы шоу жабылды: Әшімбаев журналистер жазалана ма деген сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

"Бірақ" бағдарламасы
"Бірақ" бағдарламасының көрнекі суреті: khabar.kz

Сенат отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев "Хабар" телеарнасындағы дау тудырған "Бірақ..." ток-шоудың жабылуына қатысты пікірін білдіріп, журналистер мен бағдарлама редакторлары жазалана ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан" және "Хабар" сияқты телеарналардың қызметіне күмән келтіруге негіз жоқ – егер кемшіліктер болса, ол туралы айту керек, өз көзқарасымызды білдіруге, қандай да бір ұстанымды айтуға құқығымыз бар. Қазіргі қоғамда бұл қалыпты жағдай. Бірақ конструктивті болуы керек.(..)

"Хабарда" тиісті шаралар мен шешімдер қабылдайды деп ойлаймын (журналистер мен редакторлар жазаланатынына қатысты – ред. еск.). Бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауында, телеарна басшылығы мен министрлік барлық жауапкершілікті сезінеді", деді Әшімбаев.

Сенат төрағасына қазақстандықтардың салықтарымен қамтамасыз етілген, сонымен қатар осындай контент дайындайтын мемлекеттік арналар елімізге қаншалықты қажет деген сұрақ қойылды.

"Қазір бұл тақырып біздің қоғам үшін өзекті, бірақ бұл жағдайға байланысты барлық мемлекеттік арналарды бірден кінәлау мүмкін емес – олар ақпараттандыру, елдегі кез келген жағдайды көрсету бойынша өздерінің нақты қызметтерін орындайды.

Қалыпты мемлекетте өз қызметін заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ, блогерлер болуы керек, сондықтан тараптар қорытынды жасады деп ойлаймын", деп қосты Әшімбаев.

Бұған дейін "Хабар" телеарнасында болған келеңсіздік туралы Әйелдер мен балаларды қолдау орталығының басшысы Анна Рыль айтқан болатын. Оның айтуынша, "Бірақ..." ток-шоуының кейіпкері – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қазақ әйелі. Ток-шоуға қазақ келіншегі бетін жауып, күйеуі студияға келмейді деген шартпен ғана өз оқиғасын айтуға келіскен.

Бірақ шоу кезінде әйел өзінің жағдайын айтып жатқанда, күйеуі кіріп келеді, бұл бағдарлама тікелей эфирде болғандықтан, әйел үшін де, әлеуметтік қызметкер үшін де, бәріміз үшін де күтпеген жағдай болды, дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068308-xabar-arnasyndagy-dauly-sou-zabyldy-asimbaev-zurnalister-zazalana-ma-degen-suraqqa-zauap-berdi/