Сақтандырылмаған қазақстандықтарға шектеулер енгізілуі мүмкін бе: ДСМ жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомДенсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бүгін брифингте "Сақтандырылмаған қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін беру шектелуі мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазір бұл мәселе күн тәртібінде жоқ", – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Тимур Сұлтанғазиев бұл сұраққа.
Оның айтуынша, қазір министрлік халықты медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың басқа тетіктерін, соның ішінде әкімдіктер арқылы тартуды қарастырып жатыр.
"Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары. Мұның норма төңірегіндегі дүрбелеңге еш қатысы жоқ, бізде басқа басымдықтар, басқа тетіктер бар",– деді Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сақтандырылмаған адамдарға медициналық және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерге шектеулер енгізуді ұсынған болатын. Мысалы көлік жүргізу, қару сақтау және тағы да басқа. Осындай норма арқылы қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне көбірек тарту қарастырылған.
Жақында Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа жиынында жаңа министр Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне кірмейтін қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін беруге тыйым салу туралы ұсынысқа өз көзқарасын білдірді.
"Халықтың медициналық сақтандыру жүйесіне саналы түрде келуі қажет деп есептеймін. Ол үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, шығындардың ашықтығын және денсаулық сақтау жүйесінің жалпы тиімділігін қамтамасыз ету қажет.
Әзірге халықты МӘМС жүйесіне тартудың басқа да әдістері (міндетті МӘМС мүшелеріне ғана жүргізуші куәлігін беру - ред. ескерт.) қарастырылмайды",– деді Әлназарова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068347-saqtandyrylmagan-qazaqstandyqtarga-sekteuler-engizilui-mumkin-be-dsm-zauap-berdi/