Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сергек" камералары негізінен қандай ереже бұзылғанын тіркейді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сергек жүйесі
Сергек жүйесі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы "Сергек" камералары негізінен жылдамдықты асыру және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету жағдайларын көбірек тіркейді. Бұл жөнінде Sergek Group компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Sergek Group компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан жолдарында "Сергек" жүйесі тіркейтін жол ережесін бұзудың негізгі түрлері:

  • жылдамдықты асыру;
  • бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту;
  • жол таңбасы мен белгілерін бұзу (тоқтау сызығы, автобус жолағында жүру, белгіленбеген жерге тоқтау, жаяу жүргіншіге жол бермеу, тұтас сызық, жүк көліктеріне тыйым салынған жол, тұруға тыйым салынған жерде тұру, біржақты қозғалыс және т.б.).

Баспасөз қызметі автобус жолағында жүру ережелерін бұзу тек жолдарында белгі бар қалаларда ғана тіркелетінін атап өтті. Мысалы, Астанада немесе Алматыда.

Сонымен қатар Sergek Group өкілдері тіркелген бұзушылықтар тізімі нақты қалаға байланысты және әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін екенін еске салды.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы көшелеріндегі объективі үлкен жаңа "Сергек" камералары нені түсіретінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068443-sergek-kameralary-negizinen-qandai-zol-erezesi-buzylganyn-kobirek-tirkeidi/