jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматы көшелеріндегі объективі үлкен жаңа "Сергек" камералары нені түсіреді

Сергек
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда объективі үлкен жаңа "Сергек" камерасы орнатылғаны мәлім болды. Sergek Group компаниясының өкілдері осы камералардың арқасында қараңғыда да тұнық сурет алуға болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kolesa.kz сайтының жазуынша, жаңа камера Саин мен Шығыс айналма жолында көзге түскен.

Sergek Group компаниясының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне камераның ерекшелігін айтып берді.

"Орнатылған жабдық – арнайы көлік камерасы. Оның тұнықтығы жоғары әрі әйнектегі жарқылға қарсы поляризациялық сүзгісі бар. Осылардың арқасында қараңғыда да тұнық сурет алуға болады", - дейді компания өкілдері.

Бұған дейін "Сергек" интеллектуалды жүйесі жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтінін, пилоттық жоба Алматыда іске қосылғанын жазған едік.

Талдау көрсеткендей, 2023 жылдың 11 айында 556 жаяу жүргінші, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде қаза тапқан. Мамандар жүргізуші тәртібін қатаңдату жол апатындағы қайғылы оқиғаның азаюына ықпал ететінін алға тартты.

Алматы көшелеріндегі объективі үлкен жаңа "Сергек" камералары нені түсіреді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.