Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жауған қар салдарынан қалада 11 балдық көлік кептелісі пайда болды

Жарияланған күні:

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Көрнекі сурет: Getty Images

Алматыда 14 наурыз күні кешкісін ауа райы күрт нашарлап, қар жауа бастады. Соның салдарынан қатты кептеліс байқалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2GIS мәліметі бойынша, қалада 11 балдық көлік кептелісі туындады.

Алматыдағы көлік кептелісі
Алматыдағы көлік кептелісі: 2gis.kz

Айта кетейік, синоптиктер алматылықтарға қар жауатынын ескертті. Бұған дейін қалада наурыздың 13-і мен 15-і аралығында үш күндік қар жауады деп болжанған болатын.

Бүгін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін атап өтті.

15 наурыз таңғы сағат 4-ке дейін қар жауады, қалыңдығы 8-10 см жетеді деп күтілуде.

Оңтүстік астананың ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жолдады: құтқарушылар қалада басталған қалың қарға байланысты азаматтарды көліктерін ағаштардың астына қоймауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068506-almatyda-zaugan-qar-saldarynan-qalada-11-baldyq-kolik-keptelisi-paida-boldy/