Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар қоғамдық көліктерде тегін жүруі мүмкін

Опубликовано:

Автобус салоны
Автобус. Көрнекі сурет: pixabay.com

1 сәуірден бастап ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпаратынша, қазіргі уақытта қалалық маршруттарды Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар тегін пайдаланады. Сондай-ақ зейнеткерлерге жол жүруге 50% жеңілдік қарастырылған.

Бұл жеңілдік 2021 жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енген.

Өңір басшысы Асхат Шахаров елбасы өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, халықтың тұрмысын жайлы ету міндетін қойғанын атап өтті.

"Облыс орталығының тұрғындарын қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мүгедктігі бар жандар мен зейнеткерлерге автобустарда тегін жүруді қамтамасыз етеміз. Бұл мәселе алдағы сессияда (мәслихаттың – ред. ескерт.) қаралып, шешімін табады", - деді әкім.

Айта кетейік, 8 наурыз мерекесіне орай Қазақстанның бірқатар қаласында билік әйелдердің жол жүруін тегін ету туралы шешім қабылдаған. Мұндай акция Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068770-aqtobede-zeinetkerler-men-mugedektigi-bar-zandar-qogamdyq-kolikterde-tegin-zurui-mumkin/

pixel