Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, +20 градус: елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Қар еруі
Еріген қар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан бойынша 16-18 наурыз аралығында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17- 18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі: жауын-шашын болжанады.

18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, Маңғыстау облысында 16 наурызда күндіз, 17 наурызда тәулік бойы қатты жаңбыр күтіледі.

16-17 наурызда Түркістан облысында , 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын болады.

Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында +8...+20 градусқа дейін, солтүстік жартысында 0...+8 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068878-elimizde-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/