Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, одан кейін алдау арқылы жәбірленушінің 19 миллион теңгеге жуық тауарын иемденіп, оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2068899-asa-iri-alayaqtyq-zasady-degen-kudikti-cexiyadan-ekstradiciyalandy/

pixel