jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның 4 облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: 24.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компаниянығ Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес республикалық маңызы бар мына жолдарда шектеу енгізілген:

  • Ақмола облысында жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел).

"Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жібек Жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігі жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін жабық.

  • Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел).

"Қызылорда-Павлодар" тасжолының Қарағанды қаласы мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі бөлігі;

"Екатеринбург-Алматы" тасжолының Алматы облысы шекарасы мен Теміртау ААП аралығы;

"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тасжолының Қарағанды мен Қарқаралы қалалары аралығында

"Қызылорда-Павлодар" тасжолының Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейінгі аралығы қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабық.

  • Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол.

"Қызылорда-Павлодар" тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерту ауылына дейінгі бөлігі қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабық.

  • Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол.

"Қызылорда-Павлодар" тасжолының Атасу ауылы мен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралығында қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жол жабық.

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған.

Қазақстанның 4 облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.